![Қарттарға құрмет көрсетілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69801.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астанадағы қарттар үйін тұрақ еткен қарияларға құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шара Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай өткізілді. Кеш көңілді өтіп, әртүрлі ұлттың киімін киген қариялар би билеп, салт-дәстүрін паш етті.
Өзге ұлттың өкілдері қазақ тілінде өлең оқып, бір-біріне тілек айтысты. Сахнаға кәсіби әншілер мен бишілер көтерілгенде қариялардың қуанышында шек болған жоқ.
Досымжан Ермұрат
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарттарға құрмет көрсетілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35307/)