![Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген полиция ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69815.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген полиция қызметкері тұтқындалды.
Шу ауданының Ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі қылмыстық әрекеті үшін құқық қорғау органдарынан үш айдан бері қашып жүрген.
Аға-лейтенант шеніндегі азамат ұялы телефон ұрлығына қатысты тергеліп жатқан іске ешбір қатысы жоқ екі жігітті күдікті ретінде тұтқындап, аяусыз ұрып-соққан.
Кейіннен осы оқиғаға байланысты прокуратураның іс қозғағанын естіп, жасырынып қашып жүрген полиция қызметкерін ІІД Қауіпсіздік қызметкерлері ұстады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында халықаралық іздеуде жүрген полиция ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35333/)