![Елбасы Н.Назарбаев: Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69852.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ. Бұл туралы бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», - дейді халқымыз. Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ. Бүгін бір ғана отбасы жеңімпаз атанбайды. 16 аймағымызда конкурс өткізілді 16 әулеттің қай-қайсысы да еліміздегі ең мерейлі отбасылар, барша Қазақстанның мақтанышы», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, ҚР Президенті таяуда ғана еліміздің бірқатар өңірде сапармен болғандығын, өңірлерде жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарғанын, тіршіліктің қайнап жатқан баса айтты.
Фото: inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы Н.Назарбаев: Әулеттің ізгілікті жолын жалғастырған ұрпақ - ең мерейлі ұрпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35404/)