![«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (толығырақ)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69866.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің 16 өңірінен қатысқан 16 отбасының ішінен 8 балалы, 33 немере, 15 шөбересі бар Бимағамбетовтер әулеті жеңімпаз атанды.
Сайыста Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Бимағамбетовтердің өнегелі өмірі кім-кімге де үлгі боларлықтай. Бүгін оларға Елбасы өз қолымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының лауреаты деген атақты және Қазақстанда жасалған «Газель» автокөлігінің кілтін тапсырды.
Елімізде 2015-2020 жылдар аралығын қамтитын жалпыұлттық шаралар жоспары жасалады. Мемлекет жетімдерді де, күтімсіз отырған қарттарды да заң жүзінде қорғауды күшейтпек.
«Аналар үйін» ашпақ. Мұның барлығы – болашағымызға деген қамқорлық.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды (толығырақ)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35431/)