![«Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69867.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елорадалық полиция басқармасы «Нұр Отан» партиясы өкілдерімен бірігіп, «Жолда қабылдау» акциясын ұйымдастырды.
Мақсат – жүргізушілердің жол полиция қызметкерлеріне деген сенімдерін арттыру, құқықтарын қорғау бойынша кеңес ұсыну.
Акция барысында 300-ге жуық жүргізуші сауалнамаға жауап берді. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерінің жұмысы бағаланып, ұсыныс-тілектері де айтылды.
Ендігі нәтижесі полиция комитетінде талқыланатын болады.
Айғаным АЛИПОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35433/)