![Елімізде ауыл жастарына негізделген «Зияткер ұрпақ» жобасы бастау алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69869.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шара шеңберінде көпке үлгі болар тұлғалар ауыл мектептерін аралап, оқушылармен кездеседі. Өздерінің еңбек жолдарын айтып, биік белестерді бағындырудың қыр-сырымен бөліседі.
Сондай тағылымды басқосу Қостанай облысындағы Май ауылының мектебінде өтті. Ондағы оқушылар «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысының жетекшісі Данат Жуминмен дидарласты.
Данат Жумин - осы ауыл мектебінің түлегі. Оқуды тәмамдаған ол бизнеске білек сыбана кірісіп, табысты кәсіпкерлердің қатарына қосылды.
Осындай жетістіктерге жетудің жолын, жаңа жобаның арқасында жас көшбасшы өз жерлестеріне баяндауда.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде ауыл жастарына негізделген «Зияткер ұрпақ» жобасы бастау алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35437/)