![Орталық сайлау комиссиясы төрағасы брифинг өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69872.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазан айының біріне жоспарланған Парламент Сенатының депутаттарын сайлауына 129 бақылаушы қатысады. Оларды тіркеу 25 қыркүйекте аяқталады.
Соңғы мәлімет бойынша, науқан барысын бақылауға ТМД елдерінен 103 адам, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы миссиясынан 4 адам, шет мемлекеттерден 22 адам тіркелді. Бұдан бөлек, 17 мемлекеттен сайлау барысынан ақпарат таратуға 100-ден астам БАҚ өкілі тіркелген.
9 кандидат үгіттік іс-шараларды жүргізу үшін өз сайлау қорларын құрды. Үгіт жұмыстары 29 қыркүйек күні 24:00 де яқталатын болады.
Сайлау қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 7-ші қазаннан кешіктірмей жариялайтын болады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Орталық сайлау комиссиясы төрағасы брифинг өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35444/)