![Астанада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69881.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Алматы облысының шаруалары 450 мың тонна азық-түлік ұсынды. Оның ішінде 15 тонна қой, 6 тонна құс еті, 12 тонна балық, 18 тоннадан астам сүт өнімдері және 200 тоннаға жуық көкөніс бар.
Айта кетейік, оның бағасы жергілікті базарлармен салыстырғанда 10-20 пайызға төмен. Жетісу жерінің 19 ауданы мен қалаларынан келген 500-ден астам кәсіпкер тек қана экологиялық таза азық-түлік алып келіпті. Жалпы, елордада осындай жәрмеңкелер 5 жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35461/)