![Елге үлгі Ережеповтер отбасы ауылына оралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69889.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Жамбыл облысының намысын қорғап қайтқан Ережеповтерді Тараз жұртшылығы темір жол бекетінен күтіп алды. Отбасындағы береке, баланың ата-анаға деген құрметі, өзара сыйластық - бақытты шаңырақтың басты негізі екендігін танытып қайтқан жерлестерін көпшілік жүлделерімен құттықтап, байқаудан алған әсерлері жайлы сұрап білді.
Күнделікті күйбең тірлікте бала тәрбиесі, үлкенді сыйлау, тату-тәтті күн кешу секілді отбасы құндылықтарын ұмытпай, дәріптеп отыратын Ережеповтерге облыс атынан ұлттық байқауда бақ сынау бұйырған.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елге үлгі Ережеповтер отбасы ауылына оралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35468/)