![Алматыда жанармай таситын көлік автобуспен соқтығысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69894.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін таңертең Алматыда жанармай таситын көлік пен автобус соқтығысты. Апат кезінде 9 адам ауыр жарақат алып, бір адам қаза тапты.
Қалалық Ішкі істер департаменті мамандарының мәліметінше, жүк көлігі Паладин көшесімен солтүстік бағытқа, №56 жолаушылар автобусы Жұмабаев көшесімен шығыс бағытқа қарай келе жатқан.
Жарақат алған 9 адам - автобус жолаушысы.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда жанармай таситын көлік автобуспен соқтығысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35485/)