![Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69913.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бельгия жұрты жылдағы дәстүр бойынша темір тұлпарларын велосипедке ауыстырып, айтулы мерекені 13-ші рет атап өтті.
Бұл күні қалада автобус, трамвай мен санаулы таксиден өзге көлікке көшеде жүруге рұқсат жоқ. Жүре қалса, айыппұл төлеп, біздіңше 30 мың теңгесінен айырылады.
Шараның мақсаты - халықтың қалтасын қағу емес, оларды экологиялық таза көліктерге көшуге үндеу.
Экологтар автокөліксіз бір күнде қаладағы шу 6-8 есе, ал ауаға тарайтын қауіпті микробөлшектер 3-4 есеге азайғанын айтады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бельгияда «Автокөліксіз бір күн» акциясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35520/)