![Оқушылар Ұлттық гвардия әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_69987.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордалық 120-ға жуық оқушы әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Шара алдағы уақытта өтетін респубикалық әскери-патриоттық акциясының аясында ұйымдастырылған.
Жас өрендердің назарына заманға сай қару-жарақ, техника мен әскери киім-кешектердің көрмесі ұсынылды.
Оқушылар 30 жылдан астам тарихы бар Ұлттық Ұланның орталық мұражайын аралады.
Сондай-ақ, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында жауынгерлердің ерен ерлігі мен қызметін баяндайтын танымдық бейнефильм көрсетілді.
Лаура БЕКЖІГІТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар Ұлттық гвардия әскери бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35662/)