![Курсанттар ант қабылдады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70006.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қостанайда болашақ полиция офицерлері ант қабылдады.
ҚР ІІМ-нің Қостанай академиясына бүгінде 800-ден астам курсанттар білім алып жатыр. Тарихы сонау 1971 жылдан бастау алатын оқу орны, ішкі істер қызметкерлері мен қылмыстық атқару жүйесі мамандарын, педагог-психологтарды даярлайды.
Бүгін академияға жаңадан қабылданған 301 тыңдаушы салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шараға офицерлер құрамымен қатар жас курстанттардың ата-аналары да қатысты.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Курсанттар ант қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35698/)