![Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70013.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шараға шаһар бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 1500 адам шақырылып өңірдегі 16 мекеме 690 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұдан бөлек, келушілерге «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз кәсіптерін ашуға ниетті азаматтарға мамандар кеңес берді.
Жалпы, бұл жәрмеңкеде екі жүзге жуық адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Ай сайын ұйымдастырылатын жұмыс жәрмеңкесі арқасында 8 айда 300-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Десек те, өңірдегі бірқатар ірі жоба құрылысының аяқталуына байланысты жұмыссыздар санының көрсеткіші азаяр емес.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35711/)