![Шағын қалалар дамып келеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70040.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміз бойынша моноқалалардың басым бөлігі Қарағанды облысында орналасқан. Аймақ бойынша қазір 8 шағын шаһарды әлеуметтік-экономикалық дамыту қолға алынды. Солардың бірі – Сәтбаев қаласы. Мұнда қазір жан-жақты жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілді. Ағымдағы жылдың өзінде 2 мектеп пен балабақшаны қайта қалпына келтіру үшін 283 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалған.
Сондай-ақ, шаһардың тозған ішкі жолдарын жөндеу қолға алынды. Биыл 176 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалып, Абай көшесінің көлік және жаяу жүргінші жолдары жаңаланған. Коммуналдық шаруашылық та реттелуде.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шағын қалалар дамып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35763/)