![Павлодарда кран құлап жұмысшы қайтыс болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70083.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Павлодардағы құрылыс нысандарының бірінде 46 жастағы азамат қаза тапты. Алдын-ала мәліметке қарағанда оқиғаның орын алуына техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп болған.
Нақтырақ айтқанда жүк көтергіш кранның мойын темірі опырылып түскен. Бұл техника «Қаби-стройсервис» ЖШС-не тіркелген. Соңғы рет техникалық байқаудан қай мезгілде өткені белгісіз. Жүк көтергіш кран бірнеше айлар бойы халыққа қызмет көрсету орталығы құрылысына пайдаланылыпты.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарда кран құлап жұмысшы қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35843/)