![Жылу маусымына дайындық тексерілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70085.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бүгін жылу және электр энергиясымен қамтамасыз ететін бірнеше мекемені аралады. 1-ші және 2-ші ТЭЦ-тер жақында ғана күрделі жөндеуден өткен.
«Астананың ауа-райы өте қатал. Қала да өсіп келе жатыр. Сол себепті осы орындардың қуатын арттыра беруіміз қажет. Кәсіби мамандардың арқасында, күз-қыс айларына дайынбыз. Оған қоса 3-ші жылыту орталығының құрылысы жүріп жатыр», - деді әкім.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жылу маусымына дайындық тексерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35847/)