![«Ақтөбе-2014» командалық-штабтық жаттығуы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70090.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Азаматтық қорғаныс саласы мамандарының төтенше жағдайларға әзірлігі қалай? Ақтөбеде өткен командалық-штабтық оқу-жаттығулары кезінде мамандар өз дайындықтарын көрсетті. Газ тарату мекемесінің полигонында республиканың әр аймағынан келген мамандар апатты жағдайлардың алдын алудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Командалық-штабтық жаттығуларға өңірдегі мұнай өндірумен айналысатын мекемелер де қатысты. 8 техника мен 30 адам жұмылдырылды.
«Апат айтып келмейді». Төтенше жағдай кезінде азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері ұйымдасқан түрде бірлесе қимылдауы қажет. Сондықтан, бұл оқу-жаттығу шарасы арқылы мамандар шеберліктерін шыңдап, тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алып отыр.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақтөбе-2014» командалық-штабтық жаттығуы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35857/)