![Бас мүфти елордаға көшіп келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70105.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұсылман қауымның ұлық мерекесі - Құрбан айт қарсаңында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы оңтүстік астанадан елордаға көшіп келді. «Осы айтулы оқиға еліміздің мұсылман қауымының көптен сағынып күткен күні ретінде жазылып, есте қалатын болады»,-деді Бас мүфти журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ, басқарма құрылымына тағам тазалығын қадағалайтын Халал-стандарт бөлімінің қосылатыны туралы хабардар етті. Барша мұсылман бауырларын алдағы мейірімге толы мерекемен құттықтады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бас мүфти елордаға көшіп келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35886/)