![Украинадағы жағдайды реттеуге ЕҚЫҰ күш салуы керек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70113.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Женеваға сапары барысында Шіркеулердің бүкіләлемдік кеңесінің бас хатшысы Олаф Твейтпен кездесті.
Кеңес басшысын 2015-жылы Астанада өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне шақырды.
Бас хатшы әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Украинадағы жағдайды реттеу қажет», - дейді. Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысында бұл мәселе қызу талқыланып жатыр.
Ассамблея төрағасы Илкка Канерва, Ресей мен Украина үкіметтерін 1975-жылы қабылданған Хельсинки келісімшартының талаптарын сақтауға шақырды. Дегенмен, тараптар бірін-бірі айыптағаннан басқа, ортақ мәмілеге келе алмай отыр.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинадағы жағдайды реттеуге ЕҚЫҰ күш салуы керек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/35902/)