Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко оқушылармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко оқушылармен кездесті

07.10.2014
Олимпиада чемпионы Юрий Мельниченко оқушылармен кездесті

«Зияткер ұрпақ» жобасы аясында екі дүркін Әлем чемпионы, Атланта Олимпиадасының алтын медаль иегері Юрий Мельниченко Родина ауылдық мектебінің оқушыларымен кездесті.

Даңқты палуан балаларға спортпен шұғылданудың, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы туралы айтып берді.

Спорттың қиын жолында бастан кешкен қиындықтары мен жеңістері туралы айтып, оқушылардң сұрақтарына жауап берді.

Айта кету керек, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы қолға алған бұл жоба аясында өзге де кездесулер жоспарланған. Сондай-ақ «Халық мұғалімдері» бірігіп, еріктілер қозғалысын құрып, ауыл мектептерінде тегін курс сабақтарын өткізеді.

Хабарламаларға жазылу