![«Менің елім – Мәңгілік Ел» экспедициясы Ақтөбеге жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Менің елім – Мәңгілік Ел» экспедициясы Ақтөбеге жетті. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын жүріп өткен республикалық авто-экспедиция құрамы ақтөбелік жастармен кездесіп, Отанды шексіз сүйе білуге әрі елге адал қызмет жасауға үндеді.
Елбасының «Қазақстан-2050» жолдауын насихаттады. Оларға жергілікті мото-әуесқойлар қолдау білдірді. Қазақстанның көк туын желбіретіп, елімізде құрастырылған көліктермен жүрген экспедиция мүшелері енді Қостанай облысын бетке алады.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Менің елім – Мәңгілік Ел» экспедициясы Ақтөбеге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36008/)