![Жол - тіршіліктің күретамыры](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70179.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің игілігін көрген аймақтардың алғашқысы – Ақтөбе облысы.
Ресей шекарасынан басталып, өңірді көктей өтетін 628 шақырым жолдың құрылысы мұнда тұтастай аяқталған. Кәсіпкерлік жанданып, жол бойындағы аймақтардың әл-ауқаты артып келеді.
Ал батысқа қарай сапарлап шыққан жүргізушінің ішінде Ырғыздың жолында ығыры шықпағаны жоқ шығар, сірә.
Соңғысына қарап, бұл маң ел арасында «өлім жолы» аталып кеткен-ді. Қазір өлім емес, өмірге, келешекке бастайтын күретамырға айналды.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жол - тіршіліктің күретамыры&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36026/)