![Алаяқтардан абай болыңыз!](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70190.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда алаяқтыққа байланысты қылмыстың саны көбейген. Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда тіпті өршіп тұр.
Алдап, арбап, арандадатындар атжалмандай қаптап барады, табысқа кенеле қалудың жолына кенеттен тап болғысы келетіндердің дені - жастар. Жалпы, елімізде жасалған қылмыстың 11,4 пайызы алаяқтықтың үлесінде. 2011 жылы 14 181 қылмыс тіркелсе, 2012 жылы 21 846-ға жеткен. 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында оның саны 17 316 болды. Былтыр алаяқтық қылмыс 30 мыңнан асты. Бірақ, бұл ресми дерек, тіркелмегені қаншама.
Алаяқтық қылмыстың ішінде ең көп таралғандары: жұмыс тауып беремін, үй алып беремін, несие алуға көмектесемін дегендер. Қаржы пирамидасы да бар.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алаяқтардан абай болыңыз!&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36047/)