![Зағиптарға арналған кітап тапшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70193.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бізде Брайль жүйесіндегі әріппен басылған әдеби кітап пен оқулық аз. Болса да тозығы жеткен. Әрі басым бөлігі орыс тілінде.
Өйткені, нүктелі-бедерлі әдіспен жазылатын барлық басылым Ресейден алдырылады. Ал, қазақ тіліндегі оқулық жоқтың қасы. Себеп - арнайы баспахана жоқ. Дегенімен, соңғы жылдары мемлекеттік тілдегі кітапқа деген сұраныс артқан.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зағиптарға арналған кітап тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36053/)