![Сапалы жол - туризмнің тірегі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70199.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Түбі бір түркі елінің астанасы саналатын қасиетті Түркістан шаһары бүгінде төрінен қонақ арылмайтын қасиетті мекенге айналды. Тарихи орынға келгендер саны биыл 1 миллионға жуық.
Бұл ең әуелі саяхатшыларға қызмет көрсету сапасының артқаны, сосын қатынас жолының жақсарғанының нәтижесі. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің арқасында туристер бұрынғы жол азабынан құтылды.
Саяхатшылар санының артуы Түркістанда шағын және орта кәсіпкерліктің жандануына да түрткі болды.
Ұлы Жібек жолының бойындағы Түркістан сауда-саттықтың да ортасы болғалы тұр. Өйткені, автокөлік және темір жол шаһарды қақ жарып өтеді.
Жергілікті жерде өндірілген көкөніс және бау-бақша өнімдерін өзге аймақтарға жеткізу үшін мұнда сауда логистикалық орталығы ашылғалмақ. Аумағы 4 гектардай жерге азық-түлік қоймалары салынады.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сапалы жол - туризмнің тірегі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36064/)