Қарағанды облысындағы сот жұмыстары сапасыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысындағы сот жұмыстары сапасыз

14.10.2014
Қарағанды облысындағы сот жұмыстары сапасыз

Қарағанды облысының сот саласына соңғы 9 айда жұмсалған шығын көлемі көп болғанымен, жұмыс сапасыз жүргізілген. Мәселен, мерзімінен бұрын жабылған және кейінге шегерілген сот істері республикалық ортақ көрсеткіштен асып түскен.

Қылмыстық сот істерінің сапасы 2 есеге төмендеген. Аймақаралық соттың да атқарған шаруасы мардымсыз. Азаматтық істерге келгенде кей аудандар мен тіпті облыстық соттың өзінде бірқатар қателіктерге жол берілген.

Осы кемшіліктің барлығын Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми аймаққа келген жұмыс сапарында жіпке тізді. Жиын барысында облыстық сот төрағалығына жаңадан тағайындалған Мұсабек Әлімбековке осы олқылықтардың орнын толтыруды тапсырды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу