![«Батыр ана» отбасының тағдыры Ұлттық арна назарында](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70236.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтөбелік Айсәуле Сатыбалдиева қыраулы қыс түскенше балаларымды жылы үйге кіргізсем, деп үміттенеді. Алайда тоғызыншы перзенттерінің дүниеге келуін әне-міне деп күтіп отырған отбасының бұл арманы әзірге ақиқатқа айналар емес.
Аты-жөнін атамауды сұраған бір кәсіпкер құрылысқа қажетті 1 200 дана ұлутас әкеліп берген. Бірақ, бұл көмек теңізге тамған тамшыдай дейді, батыр ана.
Көп балалы отбасының жағдайынан Ақтөбе қаласының әкімшілігі де хабардар. Бірақ, шаһар басшылығы пәтерге үміткерлер тізімінде 7 673-інші болып тұрған Айсәулеге ешқандай жеңілдік жасалмайтынын жеткізді.
Демек кезектің қазіргі жылжу қарқынына қарағанда Батыр анаға баспана енді 10 жылдан соң ғана тиіп қалуы мүмкін екен.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Батыр ана» отбасының тағдыры Ұлттық арна назарында&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36133/)