![Балалар құқығын қорғау мәселесі сөз болды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70245.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жетім жанұя жылуынан қағылмауы тиіс. Дәл осындай ұранмен бүгін елордада қоғамдық тыңдаулар өтті. «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысымен қолға алынған шараға балалар үйі өкілдері, тастанды балаларды қамқорлығына алған ата-аналар мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Тыңдалымға келгендер аталмыш салада қордаланған түйткілдерді талқыға салды. Оларды шешуге жұмсалатын қаржы, балаларға материалды, психологиялық және педагогикалық көмек те сөз болды.
Әлия ӘШІМ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Балалар құқығын қорғау мәселесі сөз болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36152/)