![Атырау облысында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70253.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облысының Махамбет ауданында заманауи үлгідегі 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Бұл нысан аудандағы 17-ші балабақша.
Айта кету керек, жыл соңына дейін аудан орталығында тағы дәл осындай бүлдіршіндерге арналған мектептке дейінгі мекеме тапсырылмақшы. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауданға қарасты Таңдай, Алмалы ауылдарында да балабақшалар салынатын болады.
Бұдан басқа, бұл күні жас мамандарға қос пәтерлік 5 үйдің кілттері табысталды. Биыл Махамбет селосында жас мамандарға арналған көп қабатты 60 пәтерлік үйдің құрылысы басталады.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36168/)