![«Өрлеу ақпараты» атты журналистер байқауы аяқталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70316.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Өрлеу ақпараты» атты байқау аяқталып, «Инновация» тақырыбында үздік жазатын журналистер анықталды.
Барлығы 200-ге жуық материал келіп түскен байқауды, осы жолы «Егемен Қазақстан» газетінің тілшілері жеңіп алды. Басылым жыл басынан бері 100-ге жуық мақаласын инновация саласына арнаған.
Осы себепті ұйымдастырушылар, технологиядағы жаңашылдықтар туралы жазып жүрген баспасөз тілшілерін 1 миллион теңгемен марапаттады.
Сондай-ақ, байқаудың басқа да қатысушыларына 21 номинация бойынша бағалы сыйлықтар үйлестірді.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Өрлеу ақпараты» атты журналистер байқауы аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36292/)