![Түзеу мекемелерінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70318.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде түрмелердің аумағында шағын кәсіпорындар көптеп ашылып жатыр.
Қарағандыдағы АК 159/7-ші түзеу мекемесінің аумағында орналасқан шағын цех бар. Арпа, бидай, бұршақ пен тары және сұлы сынды бірқатар дәнді-дақылдарды сұрыптап, тазалап, қаптап шығарады.
Осы түзеу мекемесінде 800 адам жазасын өтеп жатыр. Солардың 180-і түрме аумағында ашылған түрлі шағын кәсіпорында еңбек етеді. Мәселен, мынау жаңадан ашылған сүт өнімдерін шығаратын цех 15 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түзеу мекемелерінде шағын кәсіпорындар жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36296/)