![Ақтауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың құжаттары жоғалып кетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70320.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтау қалалық әкімдігінде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша қабылданған 300 адамның пәтеріне қатысты құжаттар, комиссия отырысының хаттамасы үшті-күйлі жоғалып кетті. Қазір жауапты қызметкерлер үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Бағдарламаның берекесін кетірген тағы бір жайт – «Аққу-1» шағын ауданында салынған үйлер. Ғимараттар үшін 5 миллиард теңгеден астам қаражаты қаралған құрылыс тоқтап қалды. Оған нысанның қисаюы мен жарылуы себеп.
«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша пәтердің бір шаршы метрі – 115 мың теңге. Ал, қазір Ақтаудағы үйлер одан 2 есе қымбат.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасына қатысушылардың құжаттары жоғалып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36300/)