![Н.Назарбаев: Тәуелсіздікті сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70342.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздігі тұрақты ұғым болып саналатынына, ал оны сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігіне назар аударды.
– Кезінде америкалық үндістердің көпшілігі түрлі басқыншылар арқылы өз жерлерінен қуылды немесе жойылды. Тегі үндіс бір ауқатты кинорежиссерге «байлық бақыт болып санала ма?» деп сұрақ қойылады. Бұған ол: «Өзімде және өзгелерде бар бүкіл байлықты мен халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім» деп жауап қатыпты. Сондықтан біздің баршамызға тәуелсіздігімізді бағалаған жөн, – деді Қазақстан Президенті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Н.Назарбаев: Тәуелсіздікті сақтау әрбір азаматтың қасиетті борышы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36340/)