![Астанада «Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» атты халықаралық конференция өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70365.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміз ақпараттық қауіпсіздікті күшейтуді қолға алды.
Осыған орай, бүгін Астанада «Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» атты халықаралық конференция өтті.
Әлемнің түкпір-түкпірінен келген қауіпсіздік қызметінің өкілдері мемлекеттік маңызы бар ақпараттардың тарап, киберқылмыстың өршіп кетпеуі жолында қандай жұмыстар атқару қажеттігін талқылады.
Сондай-ақ, шетелдік делегация киберқылмыспен күресуге мүмкіндік беретін бағдарламаларын ұсынды.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздікті дамыту» атты халықаралық конференция өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36384/)