![Алматы қаласындағы №2 автопарк көгілдір отынмен жүретін автобустармен толықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70419.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматы қаласындағы №2 коммуналдық автопаркі көгілдір отынмен жүретін 100 жаңа автобуспен толықты.
Жыл соңына дейін тағы да 100 муниципалды автобус алынады. Қазірдің өзінде қаладағы газбен жүретін автобус саны 400-ге жеткен.
Троллейбус пен трамвайларды қосқанда, қала автопарктерінде тек электр энергиясы мен газды тұтынатын 850 қоғамдық көлік бар.
Бұл шаһардағы барлық қоғамдық көліктердің тең жартысын құрайды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қаласындағы №2 автопарк көгілдір отынмен жүретін автобустармен толықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36485/)