![Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілер емес](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның бірі – қалаға қарасты Кірпішті ауылындағы нөмері 18-ші орта мектеп. 160 орынға шақталған ғимаратта бүгінде 600-ден астам бала қысылып-қымтырылып, білім алуға мәжбүр.
Мұнда киім ауыстыратын, тамақ ішетін орындар атымен жоқ. Тек бастауыш сынып оқушыларына аядай бөлмеде кезекпен сусын мен жеміс-жидек беріледі.
Қазіргі күні облыста 11 білім беру мекемесінің құрылысы жүруде. Апатты жағдайда тұрған 4 мектептің оқушылары да екі жылдан кейін жаңа ғимаратта оқитын болады, дейді білім саласына жауаптылар.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үш ауысымды мектеп мәселесі шешілер емес&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36530/)