![Қарағандыда «Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика» тақырыбында жиын өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70454.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика».
Қарағандыда осындай тақырыпта Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шара барысында еліміз тәуелсіздік алғалы атқарылған ономастикалық жұмыстар баяндалып, кеткен кемшіліктер талқыланды.
Тәуелсіздік алғалы елімізде 6 облыстың, 12 қаланың, 54 ауданның, 7 шағын шаһардың және 119 елді мекеннің аты өзгертіліпті.
Бірақ, кейбірінің атауы тарихи негізі ескеріле отырып қойылмаған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда «Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика» тақырыбында жиын өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36551/)