![Отанды қорғау – ердің міндеті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70501.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Соғыста радист болған Тоқтарбай Қанапиянов бүгінде радиотелефон арқылы майдандастары мен замандастарының аман-саулығын біліп отырады.
1942 жылы әскерге шақырылып, дайындықтан өтіп, ұрысқа Украина жерінде араласады.
44-ші жылы оң қолынан қатты жарақат алып, елге оралды. Зейнеткерлікке шыққанша 54 жыл ұстаздық етті.
Қазір ардагер 90-ға келсе де, қоғамдық шараларға белсене қатысады.
Жеңістің жетпіс жылдығы ардагерлер үшін ғана емес, қоғамның барлық өкілдері үшін маңызды шара. Қазіргі таңда дайындық қызу жүріп жатыр.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Отанды қорғау – ердің міндеті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36642/)