![Маңғыстау облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70508.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ақтаулық сыбайластардан барлығы 27 орама «ақ ұнтақ» пен 550 мың теңге қаражат, ал Мұнайлыдағы күдіктіден 20 бума және 38 грамм героин мен 800 мың теңге қаржы қолма-қол тәркіленіп алынды.
Қолға түскен героиннің жалпы сомасы – 24 миллион теңге. Бұл соңғы үш жылда аймақта ұсталған ең ірі көлемдегі есірткі.
Оны саудаға салғандардың қылмысы дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау облысында аса ірі көлемде героин тәркіленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36655/)