![Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел 90-ға келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70516.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан мен Түркия арасындағы достық қарым-қатынас – мәңгілікке жалғасатын құндылық.
Себебі, түбі бір қос халықтың тілі, діні және мәдениеті ортақ. Біздің арнаға эксклюзивті сұхбат берген Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел осылай деді.
Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел бүгін 90 жасқа толып отыр. Сүлеймен Демирел түрік үкіметін 5 рет басқарып, Тұрғыт Озалдан кейін ел тізгінін 2000-шы жылға дейін 7 жыл ұстады.
Ол – тәуелсіздігін енді алған Қазақстанға алғашқы болып 1 миллиард доллар көлемінде несие беру идеясын құптаған саясаткерлердің бірі.
Бақытжан Омар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияның 9-шы президенті Сүлеймен Демирел 90-ға келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36671/)