![Қарағандыда шахтадағы жарылыстан 1 адам қаза тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70527.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысындағы Сәтбаев шахтасында жарылыс болып, оқиға салдарынан 1981 жылғы кенші қаза тапты.
Апат бүгін түнгі сағат 03.30-да Оңтүстік Жезқазған кенішінің 65-ші шахтасында болған.
Қазір, оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына төтенше жағдайлар, Еңбек департаменті қызметкерлері мен прокурорлар енген.
Кеніш «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда шахтадағы жарылыстан 1 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36692/)