![Мемлекет қаржысына білім алып, оны қайтармаған азаматтар сұраусыз қалмайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70679.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Абай Жұмаділдәев - Қазақ Түрік университетінің 2006-жылғы түлегі. Материалдық жағдайына байланысты мемлекеттік несиеге оқыған.
Оқуын тамамдағасын, ол мемлекетке берешегін төлемей, қаржы орталығына 8 жылдан кейін келді.
Келісім шарт бойынша оқуға түсетін талапкерлер 15 жылға пайызсыз және ешқандай кепілсіз несиеге келісімге отырады. Алғашқы 4 не 5 жыл оқуына кетсе қалған 10 жылда белгіленген соманы төлеуі керек. «Ай сайын төлейтін қаржы қалтаны қақпайды»- дейді мамандар.
Талапкерлер оқуға түсерде үш жақты келісім шартқа отырады: оқу орны басшылығы, несие беруші және банк. Заңгерлер «дипломын алып, мүлде хабарсыз кеткен азаматтар сот алдында жауап береді» - дейді.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет қаржысына білім алып, оны қайтармаған азаматтар сұраусыз қалмайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/36993/)