![Маңғыстау өңіріне аққулардың алғашқы легі ұшып келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70693.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Іргедегі «МАЭК-Қазатомпром» мекемесінен бөлінетін жылы судан пайда болған жасанды көл құстардың қыстап шығуына өте жайлы.
50 жылдан бері еліміздің «Қызыл кітабына» енген қанаттылардың 100-ден аса түрінің осында мекендейтіні де сондықтан.
Қорек іздеген аққулар көп ұзамай Каспийдің жағасына жақындайды. Ақтаулықтар оларды қолдан тамақтандырып мәре-сәре болады.
Аққулар теңізде ерте көктемге дейін жүреді. Күн жылына бастағанда 9 мың метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 90-100 шақырым жылдамдықпен ұшып, солтүстікке бет алады.
Жазира ӘБІЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстау өңіріне аққулардың алғашқы легі ұшып келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/37020/)