![Патриоттық тәрбие – қоғам дамуының бастауы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70721.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Академик Жолмұхан Түрікпенұлының 200-ден аса педагогика-психология саласындағы ғылыми еңбектері елдегі жоғары оқу орындарының негізгі бағдарламасына айналды.
Онда педагогика-психология ғылымның қыры-сыры жіті қаралып, қазіргі білім беру үрдісіндегі педагогикалық технологиялар қарастырылған. Әсіресе, «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген қоғам дамуының бастауында тұрған өскелең ұрпақты рухани-адамгершiлiк және патриоттық тәрбиелеу мәселелері еңбектерінің өзегіне айналды.
Ғалымның мерейлі 80 жасына орай ұйымдастырылған бүгінгі халықаралық ғылыми жиынға қатысқан замандастары, кейінгі буын осындай тұщымды пікірде.
Айгүл ЕРМАХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Патриоттық тәрбие – қоғам дамуының бастауы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/37074/)