![Тәуелсіздік күніне орай 7 мыңға жуық адам әлеуметтік көмекпен қамтылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70788.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Төлемақы:
- Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғалар;
- Тыл еңбеккерлері;
- Ауғанстанда және басқа мемлекеттерде әскери іс-қимылдарда қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелеріне беріледі.
Сонымен қатар, бір реттік әлеуметтік көмек:
- 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы алатындардың ішіннен тұрмысы төмен азаматтарға;
- 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында саяси қуғын-сүргін көргендерге төленеді.
Барлығы 7 мыңға жуық адам әлеуметтік көмекпен қамтылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәуелсіздік күніне орай 7 мыңға жуық адам әлеуметтік көмекпен қамтылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/37203/)