![Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған шаралар өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_70955.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең Тәуелсіздік күніне орай, ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубы Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесе отырып, бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізеді.
Атап айтқанда, «Түрлі-түсті мозаика» шығармашылық фестивалі мен«Туған жерім» республикалық байқауы ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Айта кетейік, «Туған жерім» байқауы алғаш рет 2004 жылы өткізілген болатын. Биыл «Туған жерім» жобасына - 10 жыл. Осы жылдар ішінде байқауға еліміздің түпкір-түпкірінен дарынды балалар қатысып, дипломдармен марапатталды. Биыл байқау халықаралық мәртебеге ие болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тәуелсіздік күніне орай балаларға арналған шаралар өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/37528/)