![Алматыда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71243.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Алматыда мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көрсетілді. Түріксіб ауданындағы №84 мектепте оларға арнап жаңажылдық мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мүмкіндігі шектеулі және жағдайы нашар отбасыдан шыққан жалпы саны 200 балаға сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар тақпақтарын айтып, Аяз ата мен Ақша қардан да түрлі сыйлықтар алды.
Қоғам өмірінен тыс қалмай өздеріне деген құрметті сезінген балалар ризашылықтарын білдіріп, шат-шадыман күйге бөленді. Ал, шараға келе алмаған кемтар балалардың үйлеріне Аяз Ата мен Ақшақар арнайы барып сыйлықтарын үлестіреді.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38092/)