![Мереке күндері республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркелген](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71346.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина мәлімдеді.
Оның айтуынша, 1-4 қаңтар аралығында республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 204 адам түрлі жарақат алған.
Төрт күннің ішінде Алматыда 55 жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 69 адам жарақаттанса, Алматы облысында 12 адам қайтыс болған.
Одан бөлек, Атырау облысы мен Қостанай облысында - 1, Ақмола облысында - 2, ал, Астана қаласында - 3 жол көлік-оқиғасы тіркелген.
Өткен жылы Жаңа жыл мерекесінен кейін 148 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 181 адам түрлі деңгейде жарақат алған.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мереке күндері республика бойынша 137 жол-көлік оқиғасы тіркелген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38302/)