![Қостанай облысында күре жолдың бойында медициналық-құтқару бекеті жұмыс істейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71390.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оның міндеті - жол-көлік апатында және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайларда жолаушыларға жедел жәрдем көрсету.
Құтқару бекеті - Қостанай қаласынан 50 шақырым қашықтықта, Алтынсарин ауданының аумағында орналасқан. Мұнда 2 ауысыммен 10 адам жұмыс істейді. Әр ауысымда дәрігер, фельдшер, фельдшер-диспетчер, жүргізуші және құтқарушы қызмет етеді.
Алғашқы ақтүтек боранда бекет мамандары апатқа түскен жолаушыға жедел жәрдем көрсетіп, өз міндеттерін мүлтіксіз атқаратындарын дәлелдеді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында күре жолдың бойында медициналық-құтқару бекеті жұмыс істейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/38386/)